Алматыда 8 жаңа қала маңы бағыты ашылды
Фото: Zakon.kz
Алматыда қала мен Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай және Жамбыл ауданындағы елді мекендер арасындағы көліктің қолжетімділігін жақсарту үшін 8 жаңа қала маңы бағыты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл бағыттар қазір сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр, сосын нәтижесіне қарай кестеге түзетулер енгізілмек.
"Әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен өткен жылы 41 қала маңы бағыты ашылды. 600 автобус және 100 троллейбус сатып алынды". Алматы қаласы әкімдігі
Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алынды. Маршруттар тізімі біздің карточкада көрсетілген.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын үш автобусдың жұмысы тоқтатылғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript