Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда тағы үш жаңа қала маңындағы автобус бағыты іске ашылды

Алматы мегаполисінің агломерациямен көлік байланысын нығайту мақсатында 1 қарашадан бастап тағы үш қала маңы маршруты іске қосылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2024 09:12 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы мегаполисінің агломерациямен көлік байланысын нығайту мақсатында 1 қарашадан бастап тағы үш қала маңы маршруты іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

№245 маршрут: Ұзынағаш ауылының автобекетінен – Төле би-Яссауи автобекетіне дейін. Бұл бағытта үлкен сыйымдылықтағы 25 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:45-тен 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – "Ecobus service" ЖШС.

Алматы мегаполисінің агломерациямен көлік байланысын нығайту мақсатында 1 қарашадан бастап тағы үш қала маңы маршруты іске қосылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2024 09:12

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

№254 маршрут: Қаскелең – "Сәлем" базары. Мұнда үлкен сыйымдылықтағы 16 автобус жұмыс істейді. Қозғалыс уақыты: 5:50-ден 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – "Мәдина" ЖШС.

Алматы мегаполисінің агломерациямен көлік байланысын нығайту мақсатында 1 қарашадан бастап тағы үш қала маңы маршруты іске қосылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2024 09:12

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

№239 маршрут: "Б.Момышұлы" метро бекеті – Долан ауылы. Бұл бағытта 18 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:30-дан 23:01-ге дейін. Тасымалдаушы – "Neo City Trans" ЖШС.

Алматы мегаполисінің агломерациямен көлік байланысын нығайту мақсатында 1 қарашадан бастап тағы үш қала маңы маршруты іске қосылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2024 09:12

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жол ақысы қала ішіндегі сияқты 120 теңге, барлық автобус "Onay" электронды билеттеу жүйесімен жабдықталған.

Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, бұл маршруттар тасымалдаушыларға байқау өткізілгенге дейін уақытша берілді және сынақ режимінде жұмыс істейді. Мониторинг нәтижесі бойынша маршруттардың қозғалыс сызбалары жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігіне қарай түзетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 50-ге жуық елді мекенді қамтитын 22 жаңа бағыт, соның ішінде 10 қала маңы маршруты ұйымдастырылды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: