Есірткі заттарының ірі партиясын сақтаған машинист ұсталды
Сурет: polisia.kz
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу станциясының локомотив депосының машинисін ұстады. Ол үйінде қаптар мен қораптарға бөліп, оралған есірткі заттарын сақтаған.
Тінту кезінде жалпы салмағы 12 келі 428 грамм болатын марихуана есірткі заты тәркіленді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Еске салайық, жыл басынан бері көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты 344 құқық бұзушылықты анықтаған, оның ішінде 32 өткізу фактісі, 20 аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, 9 контрабанда фактісі және тағы басқа.
Заңсыз айналымнан 205 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
Оқи отырыңыз
Су тасқынынан зардап шеккендер үшін жиналған қаражат ұрланды – Қайырымдылық қордың жетекшісі қамауға алынды
Қорғаныс министрлігі жастарды әскерге күштеп алып кетіп жатқан бейнероликтерге түсініктеме берді
2024 жылдың басынан бері 25 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript