Шымкентте есірткі таратумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 13:02 Фото: pexels
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция департаментінің қызметкерлері есірткі құралдарын өткізумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында одан жасырын орындарға орналастыруға арналған 37 орам есірткі заты тәркіленді.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарды есірткі қылмысына тарту мәселесі өзекті болып отыр.

Қала аумағында есірткі құралдарын таратумен айналысқан екі кәмелетке толмаған ұсталды.

Тексеру кезінде олардан 70 дана психотроптық зат салынған орам тәркіленді. Сондай-ақ олардың уақытша тұратын мекенжайынан тыйым салынған заттары бар тағы 4 пакет табылды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіләп жатыр.

Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын еске салып, ата-аналарды балаларын есірткі ортасына тартудың алдын алу мақсатында бақылауды күшейтуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: