Алматыдағы ауа райының қолайсыздығы аясында кезекші тәулікте қанша ЖКО тіркелді
Фото: Zakon.kz
Ауа райының нашарлауына байланысты Алматыда патрульдердің саны артты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар қала жолдарындағы көлік қозғалысы жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қолға алды.
"Қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 262 патрульдік автокөлікте 611 полиция қызметкері кезекшілік етуде. Сағат 20:00-ден таңғы 06:00-ге дейінгі аралықта Жедел басқару Орталығына жол-көлік оқиғасы туралы 52 қоңырау келіп түсті, оның 18-і зардап шеккендермен", — деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Сонымен қатар, ол қыста көлік жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындайтынын айтты.
Сондықтан жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға, ең бастысы, басқа жол қозғалысына қатысушыларды орындалатын маневр туралы алдын ала ескертуге шақырды.
Сондай-ақ, полицейлер көліктердің дөңгелектерін уақытылы ауыстыру талабын еске салды.
Бұған дейін 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript