Алматы облысының колония басшысының орынбасары ұсталды

Доллары, деньги, конверт, коррупция, взятка , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 10:05 Фото: Zakon.kz
Алматыда пара алды деген күдікпен Алматы облысы колониясы бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 14 қарашада Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді.

"13 қарашада прокуратураның сотқа дейінгі тергеп – тексеру басқармасы ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп Алматы облысы бойынша ҚАЖД №14 мекемесінің орынбасары ұсталды", — делінген хабарламада.

Ол бірнеше рет пара алды деп күдіктелуде. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: