Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2024 жылғы 8 қарашада ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
"Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр "мефедрон" сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін есірткі заттарының ірі партиясын сақтаған машинист ұсталғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript