Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ҰҚК кезекті бір есірткі зертханасының көзін жойды

Есірткі зертханасы, Алматы, ҰҚК  , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 12:23 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы 2024 жылы 1 маусымда ҚР ҰҚК мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсылынған мәліметке сәйкес, 16 мамырда оңтүстік астананың жеке үйлерінің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

"Тінту барысында 7 келі "мефедрон" психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынды. Табылған есірткінің құны "қара" нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін", делінген хабарламада.

Есірткі зертханасы, Алматы, ҰҚК  , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 12:23

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін "варщиктер" деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.

"Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: