Жаңалықтар тізбегі
0

Бишімбаевтың түрмедегі суреті неге жоқ - Марат Қожаев "бұл хайуанаттар бағы емес"

Куандык Бишимбаев, Салтанат Нукенова, судебный процесс, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 11:30 Фото: Telegram/Jogargy_sot
Сенатор Марат Қожаев 2024 жылғы 14 қарашада түрме әкімшілігі Бишімбаевтың қашып кеткені жайлы қауесет аясында, неліктен оның суретін жарияламай жатқандығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенат депутаты бұл азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты екенін айтты.

"Тіпті жазасын өтеп жатқан азаматтың да азаматтық құқығы бар. Егер ол өзін көрсеткісі келмесе, біз оны мәжбүрлей алмаймыз. Қатты айтсам ренжімеңіздер, бұл хайуанаттар бағы емес. Шенеуніктерге сену керек, ол Степногорск қаласындағы ең жоғары қауіпсіздік колониясында"- деді Марат Қожаев.

Ол бұл жерде ешқандай құпия жоқ екенін және бәрі үкіммен байланысты екенін атап өтті.

"Колониялар минималды, орташа және максималды қауіпсіздікке бөлінеді. Ол ең жоғары қауіпсіздіктегі колонияда. Астанадан алыс емес жерде мұндай түрме тек Степногорскіде бар, сол жерде ол жазасын өтеп жатыр.(...) Ақпарат тексерілді, ол жазасын сол жерде өтеуде",- деп толықтырды депутат.

Айта кетсек, Астанада 2023 жылдың соңында азаматтық жұбайы қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованы өлімі бойынша сот процесі 2024 жылы 13 мамырда аяқталды. Сот Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевты жұбайын азаптау және өлтіру бабы бойынша кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: