Қазақстандағы уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты зерттеу қашан басталады
Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылғы 14 қарашада сенат аясында Денсаулық сақтау министрлігі уақыт белдеуінің өзгеруінің қазақстандықтардың өміріне қалай әсер еткені жайлы жеке ғылыми зерттеу сұрағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистің уақыт белдеуінің өзгеруіне, атап айтқанда қараңғының тез түсуіне байланысты университеттердегі оқу кестесіне өзгерістер енгізілді ме деген сұрағына министр бірден "жоқ" деп жауап берді. Оның айтуынша, кестеде айтарлықтай өзгерістер орын алмады және университеттер тарапынан шағымдар түскен жоқ.
"Денсаулық сақтау министрлігі бізге жеке ғылыми зерттеу жүргізуге өтінім енгізгенін айта аламын. Зерттеуге ең жақсы институттар қатысады — Георграфия институты және ДСМ-нің физиология және медициналық бөлімі. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жақын арада отырыс өткізіп, осы тақырыпты талқыға салады. Егер мақұлдау алсақ, бірден конкурс жариялап, зерттеуді бастаймыз", — деді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ, министр зерттеудің жыл соңына дейін басталатынын және аз қаражатты қажет ететінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан тұрғындары 2024 жылдың 1 наурызынан бастап UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуінде тұра бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript