Үшарал әуежайында жаңа терминал салынады

Үшарал әуежайында жаңа терминал салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2024 11:07 Сурет: pixabay
Үшарал әуежайында жаңа терминал салынады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Жетісу өңірі тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, құрылыстың екі нұсқасы қарастырылып жатыр: біріншісі - ғимараттарды келу және кету аймақтарына бөле отырып, қолданыстағы терминалдың жанынан шағын терминал салу; екіншісі – бірден үлкен терминал салу.

"Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін талдап, әзірлеуде. Сондай-ақ, бүгінгі таңда "Сарыөзек-Көктал" жолының 45-68-шақырымдары арасында күрделі жөндеу, ал 68-110-шақырымдары арасында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі жылы 0-ден 45-шақырымға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тиісінше, жол толығымен ретке келтіріледі", - делінген хабарламада.

Жалпы ұзындығы 762 шақырым болатын "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" жолын қайта жаңғырту жұмыстары да 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: