Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада бірден екі ауданның әкімі ауысты

Документы, папки, справки, бумаги, дела, нотариус , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2024 12:49 Фото: freepik
Елордада Алматы және Сарайшық аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 18 қарашада қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша:

  • 39 жастағы Рустем Тәуекелов Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды.
  • 39 жастағы Мақсат Саматұлы Сарайшық ауданының әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Сарайшық ауданы әкіміне және Алматы ауданы әкіміне аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет жүктелді.

Рүстем Тәуекелов еңбек жолын ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған. Әр жылдары "Балкантау KZ" ЖШС басшысы, "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС директорының орынбасары, "City Transportation Systems" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

Астанада бірден екі ауданның әкімі ауысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2024 12:49

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

2022 жылдың қазан айынан бастап "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС басшысы қызметін атқарды.

Мақсат Саматұлы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары "Астана қалалық коммуналдық шаруашылық", Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде және т.б. жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Астанада бірден екі ауданның әкімі ауысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2024 12:49

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді.

Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік нысандарға 8 млрд теңге бағытталғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: