Астанада жылыту маусымы басталды

Батареи, отопление, теплоснабжение, тепло, система отопления, отопительная система, отсутствие отопления, холодные батареи, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 14:09 Фото: freepik
2024 жылғы 23 қыркүйекте Астана әкімдігі қала бойынша жылытудың ішінара қосылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталатындығын еске салды.


"Алайда, әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалады. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған(мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.)",- делінген хабарламада.

Ауа райы болжамына сәйкес, Астанада 23 қыркүйекте ауа температурасы түнде +8+10°, күндіз +14+16°болады. 24 және 25 қыркүйекте түнде-2-4° дейін төмендеп, күндіз +8-ден +13-ке дейін көтеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: