Астанада жылыту маусымы аяқталды

Астана, город Астана, виды Астаны, виды города Астаны, Байтерек, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 11:11 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана әкімдігі 2026 жылғы 22 сәуірден бастап жылыту маусымының аяқталғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
"Елордада ауа температурасының көтерілуіне байланысты 2026 жылғы 22 сәуірден бастап жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет нысандары мен тұрғын үйлерді жылу жүйесінен кезең-кезеңімен ажырату жүргізіледі", – делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдіктің мәліметінше, жылыту маусымы штаттық режимде өткен.

Бұған дейін, 20 сәуірде әкімдік жылыту маусымын аяқтау туралы шешім орташа тәуліктік ауа температурасы +10°C және одан жоғары деңгейде қатарынан бес күн сақталған жағдайда қабылданатынын түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: