Астанада жылыту маусымы басталды

Жылыту, Астана, жылыту маусымы, 28 қыркүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2025 14:01 Сурет: pixabay
Астанада 28 қыркүйекте 2025-2026 жылдарғы жылыту маусымы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігі мұндай шешім ауа райының суытымен байланысты қабылданғанын нақтылайды.

"Қаладағы сыртқы ауаның төмендеуіне байланысты елордада тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды". Астана қалалық әкімдігі

Бұған дейін мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер сынды әлеуметтік нысандарға берген өтінімдеріне сәйкес жылумен қамтамасыз етілген болатын.

"Қаладағы барлық нысандарды қосу алдағы күндері кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", деп хабарлайды әкімдіктен.

Бұған дейін 25 қыркүйекте Қарағанды да жылыту маусымы басталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: