Еліміздегі тағы бір қалада жылыту маусымы басталмақ
Фото: pexels
Қазақстанда жылыту маусымы кезең-кезеңімен басталуда. Белгілі болғандай, 2025 жылғы 7 қазанда тағы бір қала жылумен қамтылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай мәлімдемені Талдықорған қаласының әкімдігі жасады.
"Талдықорғанда 7 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады. Ең алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға беріледі",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, әкімдік тұрғындарға келесідей үндеумен жүгінді.
"Жылу беру жұмыстарына байланысты барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, жылу батареяларын мұқият тексеріп, негізгі талаптарды орындауларыңызды сұраймыз!". Талдықорған қаласының әкімдігі
Бұған дейін Алматы облысындағы ұлттық парк қызметкерлері сирек кездесетін жыртқышпен бетпе-бет келгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript