Қазақстанның тағы бір қаласында жылыту маусымы басталады
Фото: pexels
Қарағанды қаласында 2025 жылғы 25 қыркүйекке қараған түні жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы 2025 жылғы 22 қыркүйекте қала әкімі мәлімдеді.
"25 қыркүйек күні сағат 00:00-ден бастап жылыту маусымы басталады. Бүгінгі күні дерлік барлық желілер суық сумен толтырылған.Жылуды беру процесі белгілі бір уақытты қажет етеді: ең алдымен ЖЭО-3-те қосымша қазандықтарды іске қосу, ЖЭО-1-ді жағу қажет. Кейін желілердегі суық су ЖЭО арқылы өтіп, қыздырылады да қайтадан құбырларға жіберіледі. Осылайша батареялар біртіндеп жылына бастайды — жылудың айналымы осылай жұмыс істейді",- деп жазды ол желідегі жазбасында.
Қала басшысының айтуынша, жылуға төлем тек ресми түрде үйге жылу берілгеннен кейін ғана есептеледі.
"Нақтырақ айтқанда, жылу үйлерге демалыс күндеріне қарай жетеді. Бұл тұрғындардың өз үйлерінде жылуды қабылдауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ демалыс күндері сыртқы ауа температурасы төмендейді",- делінген ақпаратта.
Алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға (балабақшалар, мектептер, ауруханалар) және осы шағын аудан тұрғын үйлеріне беріледі, содан кейін – өтінімдер бойынша үйлерге қосылады.
"Ең бірінші болып Майқұдық, Сұрыптау және Пришахтинск аудандарына жылу беріледі, кейін – Оңтүстік-Шығыс пен қала орталығына.Басқарушы компаниялар мен жауапты тұлғалардан жүйелерді алдын ала тексеруді сұраймыз — бұл жылуды артық кідіріссіз қабылдауға көмектеседі",- деді ол.
Бұған дейін Алматыда жаңбыр қашан тоқтайтындығын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript