Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, патрульная полиция, машина полиции, полицейская машина, патруль, оружие, пистолет, задержание, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2024 13:54 Фото: Zakon.kz
Полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады. Оқыс оқиға Таразда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желілерден белгілі болды. Жазбаға сүйенсек, Таразда патрульдік полиция батальонының инспекторы "қызметтік қарумен ойнап, әріптесін абайсызда атып тастады".
"2024 жылғы 16 қарашада қызметтік көлікте қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкері қарумен абайсызда өзінің әріптесін атты. Кездейсоқ ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші Қордай аудандық ауруханасына жатқызылды", — деп түсіндірді ведомствода.
Полиция қызметкерлері қызметтік тексеру жүргізеді, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады.
Бұған дейін Ақтауда қандалаға қарсы у шашып, абайсызда көршілерін өлтіріп алған тұрғынның сотталғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: