Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2024 12:06 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қарашада Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметінше, Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді",- делінген ақпаратта. 

Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: