19 қарашадағы саудада доллар аздап арзандады

Доллары, деньги, обмен валют, обменник , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2024 16:41 Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 19 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 497,26 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,65 теңгеге (-0,03) дейін төмендеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 498,1-500,1 теңгеге, еуро 524,5-529 теңгеге, ресей рублі 4,91-5,03 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 19 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы да төмендеп жатыр.

Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,22%-ға төмендеп, барреліне $73,14 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,32%-ға арзандап, барреліне 68,95 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 497,89 теңге, еуроны 525,12 теңге, рубльді 5 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: