Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Қызылорда-Павлодар тас жолының 400 км-ден астам бөлігі уақытша жабылды
Фото: Zakon.kz
Халықаралық және Республикалық маңызы бар автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ екі облыста енгізілген қозғалыс шектеуі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат ведомствоның ресми арнасында жарияланды.
2024 жылғы 20 қарашада сағат 13:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты;
- Ұлытау облысы: "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырымы аралығында (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
- Қызылорда облысы: Қызылорда облысында "Қызылорда-Павлодар" автожолының 12-216 шақырымы аралығында (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
"Жолды 2024 жылғы 20 қараша сағат 20:00-де ашу жоспарланған",- деп қосты ведомство.
Бұған дейін 2024 жылы желтоқсанда ел азаматтары қанша күн демалатындығы хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript