Алматыда полиция түнгі қарақшыларды ұстады

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2024 10:40 Фото: pxhere
Алматының Алмалы ауданында полицейлер өтіп бара жатқан адамдарды тонап жүрген екі жігітті ұстады.

Қараңғы түнде күдіктілер жалғыз өтіп бара жатқандардың ізіне түсіп, оларды физикалық күш көрсетумен қорқытып, дүние-мүлкін тартып алған: көбінесе телефондар мен гаджеттер.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталды және ұсталды.

Олар – басқа жақтан келгендер. Тергеудің қазіргі кезеңінде олардың екі қарақшылық шабуылға және үш бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар екендігі белгілі болды.

"Күдіктілер қамауға алынды", – деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: