ҚМГ басшысы еліміздің батысындағы жанармай құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезекке қатысты пікір білдірді
Фото: kmg.kz
"ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов 2024 жылғы 22 қарашада өткен баспасөз конференциясында еліміздің батысындағы газ автомобильдеріне жанармай құю бекеттеріндегі кезектер туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол компанияның 10 сұйытылған мұнай газ өндірушілерінің бірі екенін атап өтті.
"Біздің өндірістегі үш зауытымыз да жұмыс істеп тұр. Министрлік бөлген кесте бойынша өнімдерді шығарудамыз. Тіпті бүгінгі күні озық өндірудеміз. Өндірген өнімнің барлығын нарыққа бағыттап отырмыз",- деді Асхат Хасенов.
ҚМГ басшысы кезектер мезгіл-мезгіл пайда болатынын, бірақ бұл өндірушілерге емес, нарықта газ тарататын Энергетика министрлігіне қатысты мәселе екенін айтты.
Бұған дейін Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript