Маңғыстаудағы жанармай бекеттеріндегі ұзын-сонар кезектің себебі неде - Энергетика министрі түсіндіріп берді

АГЗС, сжиженный газ, машины на газу, пропан, природный газ, газозаправочная станция, автомобильная газозаправочная станция, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 14:54 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
2025 жылдың 28 қазанында Акордада өткен іс-шараның мінберінде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Маңғыстау облысындағы автогаз құю бекеттерінде пайда болған кезектердің себебін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, Маңғыстау облысының сұйытылған газға ай сайынғы қажеттілігі шамамен 18 мың тонна. Соңғы екі жылда бұл көлем өзгермеген, алайда газ құю бекеттерінің саны артқан.

"Бұрын бұл көлем шамамен 300 бекетке бөлінсе, қазір 500 бекетке таратылып отыр. Соған сәйкес, әр бекетке бөлінетін көлем азайды. Нәтижесінде кейбір АГҚС екі-үш күн ғана жұмыс істеп, содан кейін уақытша жабылып қалады. Қазіргі жағдай осындай. Дегенмен бүгінде Маңғыстау облысында екі тәуліктік газ қоры бар, зауыттар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, тапшылық орнын толтырып келеміз", – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің мәліметінше, өңірде көлік кезектерінің жаппай жиналуы байқалмайды, тек жекелеген бекеттерде ғана осындай жағдай тіркелген.

Бұған дейін Сәтқалиев еліміздегі алғашқы АЭС-ке атау беру кезіндегі негізгі критерийлерді атап берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: