2025 жылғы қаңтардағы демалыс күнін ауыстыру: қазақстандықтар өз нұсқаларын ұсынды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қол қойған құжатқа сәйкес, демалыс күні 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбіден 2025 жылғы 3 қаңтардағы жұмаға жылжиды.
Осылайша, 2025 жылдың 5 қаңтары жексенбі жұмыс күні, ал 2025 жылдың 3 қаңтары жұма демалыс күні болады.
Қазақстандықтар еңбек министрлігінің шешімін сан қилы бағалады. Кейбірі жазбаның астына өз нұсқаларын ұсынды. Жалпылай алсақ, пікір білдіргендердің көбі дерлік демалыстың ұзақтығына наразылығын білдірді.
- Аз сияқты;
- Неліктен өзгерте береді;
- Барлық жоспарды құрып қойғанда, бұл да тамаша жаңалық болды;
- Неге халықпен санаспайды;
- Бұл хабар аса ұнай қоймады;
- Жексенбідегі жұмыс күні — бұл керемет.
Дегенмен министрліктің шешімін жақтағандар да табылды.
- Алақай!
- Маған ұнады;
- Жақсы ойластырылған;
- Қытайда тіптен демалыс жоқ қой, сондықтан осыған да қанағат!
- Керемет шешім!
Әрине, уақыт белдеуін өзгерту туралы пікірлер де табылды.
- Оданша уақыт белдеуін өзгерсеңіздер жақсы болар еді;
- Осылай уақытты да бір бұйрықпен ауыстырсаңыз болады;
- Ал, уақыт белдеуінің мәселесі қашан шешілмек?!
Сонымен, нақтыласақ.
"Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында, ал алты күндік жұмыс аптасында 1-3 қаңтар аралығында демалады", — делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін алдағы демалыс күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатындығы хабарланған болатын.