Демалыс күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады
Астана қаласының ауа райы болжамы
23 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 3-5 градус аяз.
24 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 2-4 градус аяз.
25 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 2-4 градус аяз.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
23 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
24 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
25 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
23 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 1 аяздан 1 жылы, күндіз 10-12 жылы.
24 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
25 қараша: Кейде аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 12-14 градус жылы.
Шымкентте үш күнде де қатты жел соғады деп болжануда. Оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде 23 м/с дейін көтеріледі.