18 градусқа дейін жылыну және қар: Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
Астана қаласының ауа райы болжамы
30 қазанда: көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
31 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
1 қараша: көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
30 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы.
31 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 11-13 градус жылы.
1 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 11-13 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
30 қазан: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 11-13 градус жылы.
31 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 13-15 градус жылы.
1 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 16-18 градус жылы.
Бұған дейін метеорологтар 29 қазанда Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.