Ақмола облысының ер тәрбиешісі қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды
"24kz" телеарнасы мәліметінше, Арман Досмағамбетов 17 жылын педагогикалық мамандыққа арнаған. Оның 12 жылында шағын орталықта қызмет арқарады. Қазір ол аймақтағы жалғыз ер тәрбиеші.
Арман Кәрібайұлының айтуынша, оны мұғалім мамандығын таңдауға анасы шабыттандырған. Ол тәрбиеші ғана емес, педагог-сарапшы және үш баланың әкесі өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
2022 жылы ол аудандық байқауда үздік әке атанды, ал 2023 жылы ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілеріне "ата-аналармен жұмыс" тақырыбында семинар ұйымдастырды.
2024 жылдан бастап Бурабай ауданының "Әкелер одағын" басқарады. Сондай-ақ, бірқатар марапаттары бар:
- 2023 жылы ҚР Президенті аппаратының Алғыс хаты;
- Ақмола облысының әкелер одағының 2024 жылғы грамотасы.
Бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынғаны хабарланған болатын.