Сегіз қырлы, бір сырлы: Димаш Құдайберген тағы бір өнерімен тамсандырды

Сегіз қырлы, бір сырлы: Димаш Құдайберген тағы бір өнерімен тамсандырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 13:58 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген тағы бір талантымен жанкүйерлерін таң қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші 14 ақпанда өзінің Instagram парақшасында нысана көздеген бейнесін жариялады.

"Өмірімде бірінші рет ойнап тұрмын, қызық тәрізді",- деді әнші бейненің жазбасына.

Нысанаға дәл тигізген Димаштың бейнесіне оқырмандары таңданыстарын жасырмастан, оның барлық істе шебер екендігін айтты.

  • Мерген екенсің!
  • Керемет! Не дегенмен қаақтың жігіті ғой...мергендік қанында бар)
  • Жігітке жеті өнер де аз. Жарайсың, Димаш!
  • Сегіз қырлы, бір сырлы деп осыны айту керек)
  • Көз тимесін, мықтысың!

Бұған дейін Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: