Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2025 11:00 Сурет: pixabay
Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның "Махаббатым өзімде" өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.

Әннің премьерасы Qazaq Radiosy және Shalqar Radiosy радиостанцияларының эфирінде орындалды.

Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр.

Ақиық ақын "Социалистік Қазақстан" газетінің, "Мәдениет және тұрмыс", "Жұлдыз" журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: