Бүгін – қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін – қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2025 10:33 Сурет: gov.kz
Бүгін, 9 ақпан – қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақиық ақын "Социалистік Қазақстан" газетінің, "Мәдениет және тұрмыс", "Жұлдыз" журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

Ақын поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, замана тынысы. Оның "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Соғады жүрек", "Шолпан" және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітаптары бар

Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының шоқтығы биік ақыны. Бүгінде оның жырлары миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: