Алматыда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-поэзиялық кездесу өтеді

Қазақ поэзиясының алыбы, көрнекті ақын әрі аудармашы, ұлт руханиятының классигі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Алматы қаласында әдеби-поэзиялық кездесу ұйымдастырылады., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 09:25 Сурет: gov.kz
Қазақ поэзиясының алыбы, көрнекті ақын әрі аудармашы, ұлт руханиятының классигі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Алматы қаласында әдеби-поэзиялық кездесу ұйымдастырылады.

2026 жылғы 11 ақпанда Alatau Creative Hub орталығында өтетін "Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын" атты рухани кешке белгілі ақын-жазушылар, публицистер, ғалым-зерттеушілер, Мұқағали Мақатаевтың отбасы мүшелері, сондай-ақ жастар, мектеп оқушылары мен жырсүйер қауым қатысады.

Іс-шара аясында "Мұқағали – мәңгілік жырдың жұлдызы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде ақынның шығармалары, өмірі мен әдеби мұрасына арналған ғылыми зерттеулер, естеліктер мен арнайы басылымдар көпшілік назарына ұсынылады. Сонымен қатар Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндер шырқалады.

Мерейтойлық кеш барысында Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері дайындаған әдеби-драмалық қойылым көрерменге жол тартады. Сондай-ақ Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектептің оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: