Жаңалықтар тізбегі
0

"ҚазАгроҚаржы" жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша қабылдайды

«ҚазАгроҚаржы»  жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша қабылдайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2024 14:05 Сурет: "ҚазАгроҚаржы" АҚ
"ҚазАгроҚаржы" АҚ отандық өндірілген және/немесе құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жылдық 5%-бен "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша қосымша өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

Өтінімдер қабылдау үшін ҚазАгроҚаржының "@KazAgroFinance.bot"  Telegram bot арқылы электронды кезек қалыптасады.

Клиент Telegram bot арқылы өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өңірдегі "ҚазАгроҚаржы" филиалының біріне құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс.

Филиалдардың байланыс телефондары мен мекенжайлары www.kaf.kz компания сайтында көрсетілген.

"Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы отандық өндірілген және/немесе құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға бағытталған:

  • мөлшерлеме: жылдық 5%
  • лизинг мерзімі: 7 жылдан аспайды
  • Бірінші лизингтік төлем: 10%-тен кем емес

"ҚазАгро" Қаржы" акционерлік қоғамы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ компаниялар тобына кіреді.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизингтік қызметтер көрсететін ірі қаржы институты.

Компания 24 жылдан астам уақыттан бері еліміздің аграрлық секторында техникалық жарақтандыруды дамыту аясында қызмет етіп келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: