Жаңалықтар тізбегі
0

3 жыл ішінде Қазақстанда 80 мыңнан астам IT-маман даярланды

Интернет, социальные сети, ноутбук, компьютер, работа за ноутбуком, wi-fi  , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2024 16:41 Фото: pexels
Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында IT-саланы дамыту мәселесі қаралды. Бұл тақырыпта цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының жас IT-мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстанда Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Ол жекеменшік IТ-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мыңнан астам IT-мамандарды даярлауға бағытталған. Бүгінгі таңда жобаның түлектері 16 мың адамға жетті. Ал үш жыл ішінде 82 мыңнан астам қазақстандық ақпараттық технологиялар саласына оқытылды.

"Біз олардың еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін арттыру үшін білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге тырысамыз. Бүгінгі таңда Tech Orda түлектерінің сәтті жетістіктері көп. Олар мүлдем басқа салалардан IT-ға ауысуға мүмкіндік алды", — деді Үкімет отырысында Жаслан Мәдиев.

Сонымен қатар, Жаслан Мәдиевтің пайымдауынша қазақстандық IT-саладағы қызметкерлер саны 2024 жылы 12%-ға өсті.

Ол ақпараттық технологиялар саласы қарқынды өсуді жалғастыруда деп хабарлады.

Мысалы, 2024 жылы IT-компаниялардың саны 16%-ға өсіп, 18 683-ке жетті, бұл саладағы жұмыспен қамту деңгейіне оң әсер етті.

Бүгінгі таңда салада 187 мың адам жұмыс орындарымен қамтылған.

Ал орташа жалақы 673 мың теңгені құрайды.

Қазақстанда IT-саланы дамытуда 2018 жылы құрылған "Astana Hub" маңызды рөл атқарады. Оның жетістіктерін өз алаңында 1,5 мыңнан астам компанияны біріктіре алғаны куәландырады. Олардың үштен біріне жуығы шетелдік. Ал технопарк қатысушылары ұсынған шешімдер 1,2 трлн теңгеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Соңғы бес жылда 31 есе өсті.

Биылғы үш тоқсандағы экспорттық түсім 143 млрд теңгеге жетті. Төрт жыл ішіндегі жылдық өсім 10 еседен астам. "Astana Hub" оң динамиканы көрсете отырып, өңірдегі жетекші технопарк ретіндегі өз позициясын нығайтуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: