Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға заңды түрде жұмысқа қашан бара алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәжіліс аясында 27 қарашада қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды жұмысқа орналасу мүмкіндігін беру жөніндегі келіссөздердің барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Светлана Жақыпова өткен айда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оңтүстік Кореяда еңбек министрімен келіссөздер жүргізгенін атап өтті.
"Онда еңбек министрлігінің басшылығы өзгеріп, келісу процесі сәл кешіктірілді. Ол Оңтүстік Кореяда талқылауға және келісуге жіберілді. Біз жыл соңына дейін күтеміз. Сол кезде қазақстандықтар міндетті түрде ол жерге жұмысқа бара алады", — деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан адамдар тобы ұсталғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript