Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтың көк туын Антарктидада желбіреткен блогер кім

Антарктида, Қазақстан, ту, блогер, Абдурахмон Фазилов, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2024 17:08 Сурет: видеодан алынды
Басты мемлекеттік нышанымызды бұл жолы Жер шарының ең суық нүктесіне өзбекстандық блогер Абдурахмон Фазилов алып шықты. Ол адам аяғы баспайтын, тіршілік атаулы көп кездесе бермейтін құрлыққа тоғыз күн сапарлап, "Порт ле Кларк" айлағына тоқтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөйтіп, сол жерге Орталық Азия елдерінің достығы мығым болсын деген ниетпен бес бірдей байрақты қатар қондырыпты. Қазір кейіпкеріміз отанына оралған. Қазаққа құрметі әрбір сөзі һәм ісінен аңғарылатын Абдурахмон Фазилов бұл сапарын бір жыл бойы жоспарлаған. Антарктидаға апарар жолдың ұзақ әрі тәуекелге толы болатынын ескерген ол ертерек қамданады. Әуелі Өзбекстан астанасынан Түркияға жолға шығып, Бразилияны басып өтіп, Аргентинаның алыс аралдарына барып табан тірейді. Сосын мұз жаратын алып кемелерге отырады. Блогер сол сәттен бастап естен кетпес оқиғаларды бастан кешеді, деп жазады 24kz.

Әлеуметтік желіде 1 млн 600 мың оқырманы бар ол оңтүстік мұхитты көргендегі әсерімен әлі бөлісіп жүр. Алайда бастапқыда көпшілікке сапардың негізгі мазмұнын жария етпеген. Бұл ретте Орталық Азия елдері байрағын Антарктидаға орнату басты мақсат еді. "Порт ле Кларк" айлағына жеткен бойда туристер командасы дауылға тап болып, ту тігу миссиясы сәл кешеуілдейді. Дегенмен арада бір күн өткеннен кейін жоспар орындалады. 

"Осы сапарға шығар алдында барлық 5 елдің де туын алып бару идеясы ойға келді. Ақыры ұзақ жол жүріп барады екенмін, демек бауырлас ұлттардың да мемлекеттік нышандарын сол жерге орнатқаным жөн болады деп шештім. Антарктида – өте суық құрлық. Саяхат барысында дауыл болып, ауа райының қолайсыз кездеріне кезіктік. Бір түн қар жастанып жатуға тура келді. Суыққа лайықталған киім-кешек, төсек-жабдығымыз болды. Бірақ бәрібір ауа райы қолайсыз болды".Абдурахмон Фазилов, блогер

Абдурахмон табиғаттың тылсым жаратылысын тамашалап, адамзатты алаңдатқан климаттық өзгерістерге де куә болған. Оның бұл әрекетін әлеуметтік желі қолданушылары жоғары бағалап отыр. Қазақстаннан қоңырау шалып, алғысын білдіріп жатқандар бар. Халықтар арасындағы бірлікті кең насихаттауға атсалысқан жан алдағы уақытта сол ісін жалғастыра бермек.


"Абдурахманның Орталық Азия елдерінің туларын суық құрлыққа алып барып тіккені өте  керемет көрініс болды. Себебі бұл мемлекеттердің бір-біріне құрметі ерекше. Халықтардың өзара қатынасы жақсарып жатыр. Біздің онсыз да тарихымыз ортақ екені белгілі. Енді келешегімізді кемелдендіре түсуіміз үшін осындай іс-әрекеттерге баруымыз керек".  Алтынбек Исмаилов, ақын

Бұл Орталық Азия елдері арасындағы бекем бірліктің бір мысалы ғана. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: