Түркістан облысында шипажайда өрт шықты

Түркістан облысында шипажайда өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2024 10:07 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері шипажайдағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында шипажайдың үш қабатты ғимаратында, 1-қабатта моншаның қаптамасы өртенді.

"ТЖМ күшімен өрт 6 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 22 адам өз бетінше далаға шықты", - делінген хабарламада. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: