Алматы халықаралық әуежайы маңызды ақпаратпен бөлісті

Аэропорт в Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, парковка аэропорта Алматы, парковочные места в аэропорту Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 10:08 Фото: Zakon.kz
Алматы халықаралық әуежайы 2024 жылдың 3 желтоқсанында жолаушылар мен күтіп алушыларға маңызды хабарлама жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселе жаңа ашылған қосымша кіру жолы жайлы.

"Алматы халықаралық әуежайы 2-қабаттағы ұшып кету аймағына Ахметов көшесі жағынан қосымша кіру жолының ашылғаны туралы хабарлайды. Әуежай аумағына негізгі кіреберіс Майлин көшесі арқылы жүзеге асырылады", — деп жазылған ресми ақпаратта.

Қосымша кіреберіс жолаушылар мен әуежай қонақтарына 2-қабаттағы жөнелту аймағына жылдам әрі ыңғайлы кіруді қамтамасыз ету үшін жасалған.

6 қарашада Алматы әуежайының басшысы Гөкер Көсе әуе айлағының жұмысын жақсарту үшін күрделі қаржы қажет екенін айтты. Бұл сома 100 миллион доллар деп жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: