Жаңалықтар тізбегі
0

Мас күйінде көлік басқарған павлодарлық 20 тәулікке қамауға алынды

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 10:35 Фото: pexels
Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауына тікелей байланысты. Көлік құралын мас күйінде басқару – жол ережесін өрескел бұзу ғана емес, адам өміріне төнген үлкен қауіп.

Өкінішке орай, кейбір жүргізушілер мұндай әрекеттің қайғылы салдары туралы ойланбай, өздерімен қатар басқаларды да қатерге тігіп жатады.

Павлодар ауданының Набережное ауылында тіркелген оқиға соның айқын дәлелі. Полиция қызметкерлері Renault 19 автокөлігін тоқтатқан кезде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезілген.

Тексеру нәтижесінде оның мас күйінде екені расталды. Бұдан бөлек, ер адамның жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталды – ол ешқашан жүргізуші куәлігін алмаған. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға мас жүргізушіні тоқтату әр адамның азаматтық борышы екенін еске салады. Қауіптің алдын алу үшін туыстарыңыз бен таныстарыңызды көлікке мас күйінде отырғызбау – өмірлерді аман алып қалуы мүмкін.

Сондай-ақ мас жүргізушіні байқаған жағдайда, бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажет. Биылғы жылы Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізудің 1500-ден астам дерегі анықталған. Бұл алаңдатарлық көрсеткіш.

Мұндай құқық бұзушылық туралы ақпаратты 102 нөміріне немесе "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

Аймақ тұрғындарына ескерту: мас күйінде рөлге отыру – тек өз өміріңізге ғана емес, жолдағы өзге қатысушылардың өміріне де қауіп төндіретін ауыр қателік екенін ұмытпаңыз. Қауіпсіздік – ортақ міндет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: