Алматы хайуанаттар бағы аумақтағы шуылдың себебін түсіндірді
Сурет: pxhere
Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі біртүрлі гүрілге қатысты түсініктеме берді. Бір қызығы ерекше дауыс иесі зообақ тұрғындарының бірі болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнетүсіндірме 2024 жылғы 2 желтоқсанда зообақтың Instagram парақшасында жарияланды.
Мамандар зообақта үзік-үзік ерекше дыбыстарды естуге болатындығын айтты. Ол барабанның дүбіріне немесе алыстан шыққан гуілге ұқсайды.
"Бұл – ему. Осылайша ол өзіне қалыңдық көңілін аударады. Бұл өте төменгі дыбыстар, оларды 2 шақырымға дейін естуге болады",- деді мамандар.
Бұған дейін "Алтын-Емел" қорығындағы суаттан шөлдерін қандырған тіршілік иелерінің фототұзаққа іліккен бейнелерін жариялаған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript