Жаңалықтар тізбегі
0

"Алтын-Емел" қорығындағы суаттан шөлдерін қандырған тіршілік иелері фототұзаққа ілікті

Зоопарк, животные, медведь, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2024 15:00 Фото: Zakon.kz
"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі қорық аумағындағы суаттан шөлдерін қандырған әртүрлі тіршілік иелерінің фототұзаққа іліккен бейнесін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейне қорықтың Instagram парақшасында 2024 жылдың 19 қарашасында жарияланды.

Кадрлардан бірқатар сүтқоректілер мен құстарды байқауға болады. Атап айтқанда:

  • Қар барысын;
  • Тянь-Шань қоңыр аюын;
  • Сібір таутекесін;
  • Қылғытпа сайрақты;
  • Байғызды;
  • Кекілікті;
  • Жаурауықты;
  • Қара сайрақты;
  • Сауысқанды;
  • Тышқанды.

Айта кетейік, бұл суат Дегерес тауында орнатылған.

"Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің фаунасы әртүрлілігімен ерекшеленеді. Зерттеу барысында Дүниежүзілік табиғитты қорғау қоры (WWF) қаражаты есебінен Дегерес тауында орнатылған суаттан бірнеше сүтқоректілер мен құстардың су ішкені байқалды"."Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі

"Алтын-Емел" паркінің аумағында сүтқоректілердің 78 түрі, құстардың 260 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі, қосмекенділердің 4 түрі, балықтардың 26 түрі мекендейді. Сондай-ақ, қорықтағы жануарлардың 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Бұған дейін Алматы Ботаникалық бағының аққуларға қатысты мәлімдеме жасағаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: