Қазақстанда онлайн-кредиттер беру рәсімін күрделендіру ұсынылды

Қазақстанда онлайн-кредиттер беру рәсімін күрделендіру ұсынылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 13:19 Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау қызметі басқармасының бастығы Жасұлан Мекебаев онлайн-кредит беру рәсімін күрделендіру туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Интернет-алаяқтық: қарсы іс-қимыл, алдын алу, байланыс" конференциясында сөз сөйлеген Жасұлан Мекебаев алаяқтардың тарапынан тұлғаға несие ресімделген болса, екінші деңгейдегі банктер қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты.

Қазақстанда онлайн-кредиттер беру рәсімін күрделендіру ұсынылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 13:19

Сурет: Zakon.kz

"Қазір несиелік алаяқтыққа қарсы күрес мәселесі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің алаңында және біздің алаңда талқылануда. Бұл ретте, несиелік алаяқтыққа қарсы тұруға бағытталған жол карталары әзірленуде. Ұсыныстардың бірі — салқындату кезеңі деп аталатын 24 сағаттық құралды енгізу. Яғни, мысалы, қазір тұлға онлайн түрде несиеге өтінім жасайды, бірнеше минут ішінде қаржыны ала алады. Ал, жаңа норманы енгізсек, қаражат 24 сағат ішінде түсетін болады. Бұл уақытта адам қандай әрекеттерге барып жатқанын түсініп, саралай алады. Себебі алаяқтың ықпалында болған адам бәрін тез, автоматты түрде жасайды", — деді Бас прокуратура өкілі.

Мұндай құрал, сарапшының бағалауы бойынша, қазақстандықтарға алаяқтардың ықпалынан шығып, жоспарсыз кредиттерден бас тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда онлайн-кредиттер беру рәсімін күрделендіру ұсынылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 13:19

Сурет: Zakon.kz

"Алаяқтардың көп бөлігі жақсы психолог болып келеді. Олар адамды несие алуға және қаражатты бір жерге жіберу үшін сан қилы әдіс-тәсілді ойлап тапты. Егер бұл норма енгізілсе, адамда бұл несиенің қажетінің бар-жоқтығын ойлауға мүмкіндік туады",- деді Жасұлан Мекебаев.

Бұған дейін шетелдік әлеуметтік желілердің Қазақстанда өз кеңселерін ашуға ынталандырылатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: