Тұман, жел, көктайғақ: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Тұман, жел, көктайғақ: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 23:27 Сурет: Zakon.kz/Ян Благов
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 желтоқсанда елдің 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жолдарда көктайғақ болады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман.

Атырау облысының шығысында тұман.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман..

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ сақталады. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Астанада кей уақыттарда тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: