Павлодарлық мұғалім трендті қайталаған оқушыны ұрғаны үшін жұмыстан қуылды

Павлодарлық мұғалім трендті қайталаған оқушыны ұрғаны үшін жұмыстан қуылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 18:13 Сурет: pixabay
Павлодарлық мұғалім Tik Tok-тағы трендті қайталаған оқушыны ұрғаны үшін жұмыстан қуылды. Оқушы сабақ үстінде ерсі қылық көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, Мақпалеев атындағы мектептің 8-сынып оқушысы сыныптастарымен бәс тігіп, физика сабағы кезінде орындыққа тұрып, Tik Tok-та тренд болған "Oi oi oi baka" дыбысын қайталап, айқайлады. 

"Оқушы мұғалімнің ескертулеріне жауап бермеді. Физика мұғалімі оқушыға күш қолданды. Аталмыш факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді", - деп хабарлады білім беру бөлімінде. 

Мектеп әкімшілігі ата-аналармен кездесу өткізіп, оқушымен әңгімелесті. Ана мен баланың тарапынан шағымдар болған жоқ. Мұғаліммен келісімшарт бұзылды. Физика мұғалімі Мақпалеев атындағы мектепте 1 қыркүйектен бастап жұмыс істеген.

Айта кетейік, 2016 жылы "Моя геройская академия" атты аниме-сериал шыққан болатын. Жуырда Tik Tok-та сериалдың кейіпкері Бакуго Кацуки бөлімдердің бірінде "Oi oi oi baka" деп айтқан сөздерден тренд жасалып, Америка, Испания және басқа да шетел елдердің мектептерінде таралды. "Baka" сөзі жапон тілінен ақымақ деп аударылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: