Ақтөбе облысында тазы өсірумен айналысатындарды қолдайтын қоғамдастық құрылады

Тазы, казахская порода, собака , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 09:40 Фото: akorda.kz
Тазы – ресми түрде танылған бірегей ит тұқымы. Мемлекет басшысы тазыны Қазақстанның мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде сақтап қалуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, бұл туралы облыс көлемінде өтіп жатқан "Сыбаға" ұлттық дәстүрлер фестивалі аясында дәстүрлі аңшылық және ұлттық спорт түрлері бойынша "Салбурын" турнирінде жария етілді.

Іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген қазақ мәдениеті мен спорты шеберлерінің басын біріктірді.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан турнирге қатысушыларды құттықтай отырып, ұлттық әдет-ғұрыптарды сақтауға және насихаттауға ықпал ететін осындай фестивальдердің маңыздылығын атап өтті.

Жолдас Батырхан сондай-ақ Ақтөбе облысында ұлттық мұраны дамыту және қазақ тазыларын өсіріп-ұстаумен айналысатын жерлестерімізді қолдау үшін арнайы қоғамдастық құру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Бұл бастаманы іске асыру үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінеді.

Бұған дейін Макрон Тоқаевқа Астанада сыйға алған тазыларының қалай өсіп қалғанын көрсеткені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: