Қостанай облысында жолдарды жөндеу кезіндегі бірқатар бұзушылық анықталды

Рабочие, дорожно-ремонтные работы, установка бордюров, бордюры, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 10:53 Фото: Zakon.kz
Қостанай облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде жұмыстардың құнын негізсіз көтеру фактілері анықталды. Бұзушылықтарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

kstnews.kz дерегінше, әкімдіктер ағымдағы және орташа жөндеу бойынша сметаға жоба сомасының 2% мөлшерінде күтпеген шығыстарды енгізді. Заң бойынша мұндай шығындар қарастырылмаған. Осыған байланысты жолдарды жөндеу құны 840 млн теңгеге ұлғайды.

Мониторинг көрсеткендей, мердігер орындаған жұмыстардың сапасын бақылау жолдардың кейбір учаскелерінде ғана жүргізілді. Әкімдіктер қайсысы зертханалық зерттеулерден өтетінін өздері таңдаған.

Нәтижесінде жыл сайын жөнделетін учаскелердің 20-30%-ын ұлттық жол активтері сапасы орталығының филиалы тексермеген.

Мысалы, Меңдіқара ауданында "Боровская-Ұзынағаш" жолының 3 шақырымында ғана сынақ жүргізілген, ал оның ұзындығы – 28 шақырым.

Қостанай облысының әкімдігі шарттардың талаптарын қайта қарап, күтпеген шығындарды алып тастады. Өз кезегінде мердігер ұйымдар 32 млн теңге көлемінде негізсіз алынған қаражатты қайтарды.

Бұған дейін үш күнде құрамында спирті бар 7 тоннадан астам өнім тәркіленгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: