Ұлттық банк қазір депозит мөлшерлемелері жоғары екенін мәлімдеді

Национальный банк РК, Нацбанк РК, национальный бюджет, экономика, Казахстан , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 14:32 Фото: пресс-служба Национального банка РК
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2024 жылғы 5 желтоқсанда Сенаттың жалпы отырысында депозиттер бойынша мөлшерлеме деңгейі қазір айтарлықтай жоғары екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол неге 2022 жылы өтемақы қарастырылғанын, ал бүгінде оның неліктен жоқ екендігін түсіндіре келе, ол кезде мүлдем басқа геосаяси жағдай болғанын атап өтті.

"Естеріңізде болса, ол кезде курс өте қатты секірген болатын, шамамен 400-ден 530-ға дейін. Яғни, мүлдем басқа жағдай болды. Ал, депозиттер бойынша ставкалар 8-9% көлімін көрсетті. Яғни, адамдардың жинағында 8-9% ақша жатты. Қазір шамамен 15%. Бұл әртүрлі нәрселер. Шынында да, ол кезде Үкімет те, Ұлттық банк те адамдар бұл ақшаны алып, доллар сатып алмауы үшін осы мемлекеттік сыйлықты берді",- деді Сүлейменов.

Оның пікірінше, қазір депозиттер бойынша мөлшерлеме деңгейі өте жоғары.

"Шынымды айтсам, жеке өзім қаржыны депозитте доллармен сақтағанға қарағанда теңгемен сақтаған тиімді әрі оңайырық деп ойлаймын. Оның үстіне, бұл өте үлкен фискалдық шығындарды талап етеді. Қазір мемлекеттің қаржылық ресурстары шектеулі. Мұны да есепке алу керек", — деп толықтырды ол.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов тіркелген валюта бағамының неліктен қауіпті екенін түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: