Алматыдағы маңызды инфрақұрылымдық жобалар қашан аяқталатындығы белгілі болды

Алматы мәслихатының отырысында мегаполистің үш жылдық бюджетінің жобасы қаралады. Қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі қандай инфрақұрылымдық жобаларға қаражат бөлінетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылы ірі көлік нысандарының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл қаладағы қозғалысты едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Аяқталуы жоспарланған жобалар:
- Саин көшесін ұзарту (Рысқұлов даңғылы – Ақын Сара көшесі, 3,2 км) Момышұлы көшесіндегі жүктемені 40%-ға азайтады.
- Абай даңғылының (Момышұлы – қала шекарасы, 5,3 км) алты жолақты жолы, веложолақтары және жаяу жүргіншілер жолдары бар учаскесі мамыр айында ашылады.
- Жансүгіров – Сейфуллин қиылысындағы жолайырық маусымда пайдалануға беріледі.
Жолайырық құрамына екі тоннель (690 м) кіреді, бұл Сейфуллин даңғылы бойымен көліктердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Жансүгіров көшесі жер үсті деңгейінде болады, ал жаяу жүргіншілер үшін жер үсті өткелдері, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған.
"Сейфуллин даңғылының өткізу қабілеті 20%-ға, Жансүгіров көшесі бойынша 15%-ға артады".Алматы маслихаты
Бұған дейін екі айда 900-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript