Жаңалықтар тізбегі
0

Иран Шархан Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 10:49 Сурет: primeminister.kz
ҚР үкіметінің қаулысымен Иран Шарханұлы Шархан Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иран Шарханұлы Шархан 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Білімі:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2008 жылы маркетинг бойынша маман болып бастады.

2009-2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқық департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасы сарапшысының м.а., сарапшысы, Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы.

2013-2014 – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

2014-2015 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары.

2015-2016 жылдары – ҚР Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2016-2019 жылдары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры.

2019 жылы ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2020-2021 жылдары – Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып қызмет етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: