Алмаз Ыдырысов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Жаңа қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2022 11:30 Сурет: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген.

Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жол жөндеуші болып бастаған.

  • 2005-2006 - «Қазақавтодор» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші маманы.

  • 2006-2014 жж Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

  • 2014-2016 жж - «Казавтодор» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.

  • 2016-2019 жж Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі құрылымында басшылық қызметтерді атқарған.

  • 2019-2022 – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

  • 2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: